Әлемге ғашық жас дарын

Автор: Калдыбаева Гуляим Умбетяровна. Опубликовано в Социум

Жумашев Санжар

Жумашев Санжардың жүзінен әрдайым күлкі таймайды, жарқын мінезі мен ашық жүрегі жұртты кәдімгідей сүйсіндіреді. Сонау 2011 жылы ақпанның 13 жұлдызында бүлдіршіндерді шығармашылық дамыту «Радуга» 10 жас тобына көзі мөлдіреген балақай боп келген ол, міне бүгін ақылы затына сай бозбала болып бой жетті.

Санжарға лайық сөз – бұл еңбекқорлық. Суретшінің дарындылығын шыңдайтын еңбек пен табандылық. Оның жұмыстарындағы қылқаламның ұшынан тиген бояудың әр тамшысы шабытқа, қиялға толы. Бастапқыда абайлап басқан шығармашылық қадамдары, көптеген байқауларға қатысып, жеңіске үміттенген әр сәті уақыт өте келе жемісін қайтарды. Енді Санжар өзіне сенімді, жеке жазуы мен батыл әрі қызықты идеяларға толы жұмыстардың авторы, лицей қабырғасындағы жас дарындардың бірі, көптеген облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы.

Жоғарыда айтылған сөздің дәлелі – Жумашев Санжар жетістіктерінің елеулі қоржыны:

  1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе облысының көркемсурет бөлімдерінің және қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы «Болашақ ұрпаққа мәдение мұраны сақтау» атты облыстық балалар шығармашылығы байқауында көрсеткен нәтижелері үшін «Бейнелеу өнері» номинациясында І дәрежелі Диплом. Ақтөбе, 2017 ж.
  2. «Туған Ел» сурет салу және безендіру-қолданбалы өнер фестиваль-байқауына белсене қатысқаны үшін Алғыс хат, Ақтөбе 2018 ж.
  3. «Менің әдемі қалам» сурет байқауына қатысқаны үшін Алғыс хат, Ақтөбе, 2016 ж.
  4. «Өрт-құтқару спорты» тақырыбында логотип байқауы, Мадақтама, Ақтөбе, 2018 ж.
  5. Лицей өмірінің қоғамдық, мәдени іс-шараларында белсенділік танытқандығы үшін лицей әкімшілігі және ұстаздар ұжымынан Алғыс хат, Ақтөбе.
  6. «Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО Клубтарының ІІ шығармашылық Академиясына» қатысқаны үшін Сертификат, Алматы, 2017 ж.
  7. «ЕХРО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған «Жастар – болашақ энергиясы» атты шығармашылық байқауы, Сертификат, Астана, 2017 ж.
  8. «Жизнь без огня» атты өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы қалалық сурет байқауы, Сертификат, Ақтөбе, 2017 ж.
  9. Лицей өміріне белсене араласып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін Мадақтама, Ақтөбе, 2018 ж.
  10. «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шағармашылығының республикалық көрме-байқауы, Сертификат, Павлодар, 2018 ж.
  11. «Балалар әлемді бейнелейді. ИСЕСКО» ЮНЕСКО жобасының аясдағы Республикалық шығармашылық байқау, Сертификат, Алматы, 2017 ж.
  12. «Птичий перезвон» VІІ республикалық экологиялық сайысы, Сертификат, Ақсу, 2017 ж.
  13. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Бес саусақтан бал тамған» атты Қалалық көркемсурет лицейінің педагогтері мен оқушыларының қоланбалы өнер көрмесіне қатысқаны үшін Сертификат. Ақтөбе, 2018 ж.
  14. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Ақтөбе қаласының көркемсурет бөлімдерінің және қосымша білім беретін ұйымдары оқушыларының арасндағы «Балалар – қалаға, балалар - елге» балалар шығармашылығының қалалық сайысы, Алғыс хат, Ақтөбе, 2016 ж.
  15. Тұңғыш ұйымдасырылған «Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО Клубтары шығармашылық Академиясына» белсене қатысқаны үшін Сертификат, Астана, 2016 ж. «Узоры и орнаменты народов мира» халықаралық балалар шығармашылығының байқауы, Қырғызстан, 2018 ж.

Жумашев Санжар

Ван Гогтың дана сөзі бар: «Сурет салу дегеніміз не? Бұл сезімінің мен икемің арасындағы темірдей кедергіні бұзу».

Санжарға шығармашылық болашақта мәңгілік серігі мен сүйікті ісі атануына тілектеспін. Қаламгер өз үндеуін қағаз бетіне шығарса, суретші ауызбен айтатынды қылқаламммен кенеп бетіне бейнелейді, сондықтан атақты ұлы суретші шеберлер секілді, туындылары арқылы өз заманының рупоры, ақиқатшысы мен өкілі болады деп үміттенемін.