Армысың, әз Наурыз!

Автор: Копжасаров Бакыт Уристемович. Опубликовано в Новости

Наурызым - тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!

НаурызМіне көптен күткен көктем келіп, жер біткені көкке оранып, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі барша түркі әлеміне нұрын шашты! Наурыз меркесін тойлауды қалалық көркемсурет лицейі 14 наурыз жаңа жылдың келуі көрісу күнінен бастап кетті.

15-наурыздан бастап «Армысың, әз Наурыз!» атты көркемсурет лйцейі оқушыларының колдарынан шыққан қолданбалы бұйым туындыларының көрмесі өткізілді. Сахналық концерттік «Наурызға шашу» бағдарламасы көркемсурет лицейінің көрме залында наурызыдың 17 жұлдызында болды. Концерттік мерекені лицейдің қазақ тобының 1-сынып оқушылары және 3-сынып оқушылары қойды. Жетекшілері М.У.Бегеманова және Н.М.Құрмановамен бірге, лицейдің талантты дарынды оқушылары ән айтып, би билеп, ұлттық ойындардан көріністер көрсетіп, меркелік шашу жасады. Сонымен бірге мереке аясында түрлі деңгейдегі байқау көрмелердің жеңімпаздары мен қатысушыларын көркемсурет лицейінің тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары Б.У.Копжасаров және Е.Н.Малышева оқушыларды салтанатты түрде марапаттады. Келген қонақтар «Наурыз көжеден» дәм татып, қошемет ықыластарын білдірді.