Қанаты талмас жас талап

Автор: Таженова Лейла Мырзалиевна. Опубликовано в Новости

Сармузина АйсулуСармузина Айсулу — Қалалық көркемсурет лицейінің 5 «А» класс оқушысы. Айсулу лицейге 2013 жылы 1 классқа оқуға түсті.

Суретке деген қызығушылығы мен құштарлығының арқасында көптген байқауларда бағын сынап, жетістіктерге жетуде. Мысалға, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақтардың дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнері» атты Халықаралық шебер-класына қатысып, біршама тәжірибе жинады. Лицейдің 3 класында «Линогравюра» техникасымен танысып, жетік меңгеріп жасаған туындысы Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы ұйымдастырған «Балалар әлемді бейнелейді. Азия 2015-2016» атты халықаралаық байқау-фестиваліне қатысып, альбомдық серияға басылып шықты. 2016 жылы Қазақстан XIII Ұлттық Дельфий ойындарының облыстық іріктеу кезеңінде беделді ІІ орын иегері атанды.

Айсулу суретке ғана емес, қолөнерге де икемі бар оқушы, оған дәлел 4 класта кілем тоқу – «Гобелен» техникасын жетік меңгеріп, дипломдық жұмысын «Пейзаж» тақырыбында аталған техникада орындап, керемет қорғап шықты. 2017 жылы «ЕХРО-2017 Жарқын болашақ кепілі» фестивалі аясында «Мен Қазақстанды бейнелеймін — ЕХРО-2017» атты шығармашылық сурет байқауында 2 орын иеленді. 2018 жылы «Айналайын 2018» Республикалық жас таланттар фестиваль-байқауында «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша жеңіске жетіп, І дәрежелі Дипломға ие болды.

Жаңашылдыққа құштар Айсулу алдында орындалмас тапсырма жоқ, сондықтан биыл майлы бояумен жұмыс тәсілін белсенді игеру үстінде. Өнер мен талпынысқа толы тұлға үшін бұл әлемде бағындырылмайтын шың жоқ, ойы мен мақсаттары заманнан озық, жүрегінде от жанған тәртіпті де, ақылды да Айсулу алдында зор болашақ есігі ашық.

images images images images