Бүгін мереке, бүгін қуаныш- ұстаздарға мың Алғыс!

Автор: Копжасаров Бакыт Уристемович. Опубликовано в Новости

images«Бүгін Мереке Бүгін қуаныш – ұстаздарға мың Алғыс!» – деп оқушымыз Сатукулова Аяжан ақ жүрекетен өз лебізі мен қуанышын көпшілікке жеткізді. 2017 жылдың 30-мамыры Қалалық көркемсурет лицейінде жылдағы дәстүр бойынша жоғарғы бітіруші түлектердің дипломдық жобасын қорғау салтанаты болып өтті.

6 «а», 6 «б», 6 «в» кластары, класс жеткешілері Б. У. Копжасаров, А. В. Земскова, Е. С. Хангиерееваның бітіруші оқушылары өздерінің көпткен күткен диплом қорғау сәтін ойдағыдай өткізді.

Бірнеше жыл лицей қабырғасында жүрген бүгінгі түлектер диплом жұмыстарын «өте жақсы» деген бағамен аяқтады. Әр түрлі тақырыпта, түрлі жанрлар мен техникаларда орындалған жұмыстар композиция, мүсін өнері бағыты бойынша қорғалды. 6 «а» класс оқушылары барлық тақырыпты музыкалық әуенмен, музыка тақырыптарына арнаса, 6 «б», 6 «в» класс оқушылары өз жұмыстарын да, нәзіктік пен асқан еңбектің жатқанын жеткізді.

Оқушыларымыз лицей қабырғасына келіп осы күнге дейін бар үйренген білгенін әр жылдары 5, 6 кластың бітіру кезеңінде дипломдық жобаларын қорғайды. Міне, бүгін де түрлі жүзге жуық жаңа туындалармен көрме залын толықтырды.

Ата-аналарымыз, балаларының диплом қорғау сәтімен бөлісе, ұл қыздарының қандай дәрежеде жетіп жатқанын көріп, ұстаздарға өз ризашылығын білдіріп жатты.

Барлық суреттерді үлкен өлшемде арада біздің беттерімізде қарайсыңдар Facebook немесе Google+